Рыбакина US Open-2021 турнирінің жеңімпазын жеңді

11.01.2022    Оқылғаны: 56
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сиднейде (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Аталған додада тоғызыншы нөмірмен өнер көрсететін Елена алғашқы матчта қарсыласына жеңіске жетуге еш мүмкіндік қалдырмады. Әлемнің 13-ші ракеткасының қарсыласы US Open-2021 жеңімпазы британиялық Эмма Радукану болды. Кездесу 22 жастағы теннисшінің тамаша жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 6:0, 6:1. Бұл спортшылар арасындағы алғашқы кездесу болды. Ойын бар болғаны 56 минутқа созылды.

Елена келесі кезеңде франциялық Каролина Гарсиямен айқасады. 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер