Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі Masters рейтингінде көш бастап келеді

11.01.2022    Оқылғаны: 605
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирі қарсаңында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 355 ұпаймен көш бастап келеді. Өткен аптада Химкиде Александр Островский атындағы академия кортында З.Нұрланұлы TE Super category Christmas Cup 2022 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, тартысты матчта болгариялық Иван Ивановқа есе жіберді. Қазақстаннан ТОП-100-ге сондай-ақ Демид Горбачев (58-орын), Даниэль Тазабеков (69) кірді.

Junior Masters – 14-16 жастағы Еуропа теннисінің үздік сегіз ойыншысы (қыздар мен ұлдардан) қатыса алатын ірі спорттық шара. Жарыс күзде Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер