Қазақстан теннисіндегі тарихи оқиға! Алғаш рет біздің екі жасөспірім Australian Open-де ойнайды
Жаңа маусым және жаңа рекордтар. Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушілері Аружан Сагандыкова мен Максим Батютенко 2022 жылы Үлкен дулыға сериясындағы алғашқы жасөспірімдер турнирінде ойнайды, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Аружан жарыстағы өз жолын негізгі кезеңнен бастайды. Максим іріктеу ойындарында шеберлік танытады.
Еске сала кетейік, Сағандықова мен Батютенко - 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Қазақстанның бірінші ракеткалары. 16 жастағы Теміртаудың тумасы ITF сериясының төрт титулын жеңіп алды: екі реттен жеке және жұптық сында. 17 жастағы Аружанның еншісінде алты ITF титулы бар: ол үш рет жеке және үш рет жұптық сында жеңіске жетті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.