Елена Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады

03.01.2022    Оқылғаны: 953
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) 500 WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы доданың 7-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 132-орында тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен өткізді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4. Екіншісінде аустралиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайырса, үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1. Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді. Е.Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.

Жүлде қоры 535 мың АҚШ долларына бағаланған аталмыш дода 9 қаңтарда мәреге жетеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер