Жібек Құламбаева жаңа жылды чемпиондық атақпен бастады
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Мумбаи қаласында ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Құламбаева латвиялық Диана Марцинкевичпен финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, тағы бір қазақстандық Анна Данилина – украиналық Валерия Страховамен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда Жібек пен Диана 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Анна мен Валерия есе қайырды – 6:4. Супер тайбрейкте Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша Жібек жұптық сында ITF турнирлеріндегі 14-інші, биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
12.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі
08.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі