Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі рейтингінде көш бастады

14.12.2021    Оқылғаны: 1483
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Tennis Europe (TE) ұйымы алдағы жылы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 255 ұпаймен көш бастады. З.Нұрланұлы 2021 жылы TE сериясы бойынша өткен алты жарысқа қатысып, жекелей сында соның екеуінде жеңімпаз атанды. Осы жастағылар арасында сондай-ақ қазақстандықтар Демид Горбачев (36-орын) пен Даниэль Тазабеков (45-орын) үздік елулікке кірді.

Junior Masters - ірі спорттық іс-шара, оған Еуропадағы 14 және 16 жасқа дейінгілер арасындағы ең мықты теннисшілер (8 бозбала, 8 қыз) қатысады. Кезінде осы додада Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич секілді теннисшілер чемпион атанған. Жарыс Монте-Карлодағы атақты топырақ төсенішіндегі корттарда өтеді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер