Қазақстан теннис федерациясы 2021 жылы елімізде үздік деп танылды!

13.12.2021    Оқылғаны: 1221
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Нұр-Сұлтанда Altyn Samǵaý салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Altyn Samǵaý-2021 мүсіншесіне «олимпиадалық спорт түрлеріндегі үздік федерация» номинациясында жеңіске жеткен Қазақстан теннис федерациясы ие болды.
 
Жеңімпазды Қазақстан ҰОК жанындағы арнайы комиссия анықтады. Атқарылған жұмыстарға мынадай критерийлер, мәселен инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі, белсенділік және жарыстарды ұйымдастыру деңгейі, халықаралық қызмет және, әрине, ең бастысы, спорттық нәтижелер бойынша баға берілді.
 
Ересек құрамалардың жетістіктері мен федерация жұмысы өсіп келе жатқан чемпиондардың - жасөспірімдеріміздің пайда болуына жағдай жасады, олар 2021 жылы ITF Juniors-тің рекордтық 40 турнирін жеке және жұптық санаттарда жеңіп алды және тағы 45 турнирдің финалисі атанды. 14 жасқа дейінгі TE турнирлерінде қазақстандық жасөспірімдер 22 турнирде жеңімпаз болып, тағы 15 рет финалға шықты. Қазақстандықтар Азия теннис федерациясының рейтингісінде бірінші орында (Бахтияр Ерасыл және Полина Слепцова), аймақтың 5 турнирін жеңіп, тағы 8 рет финалист атанды. 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында үш ITF турнирін жеңіп алған 14 жастағы Инкар Дюсебайдың нәтижелері таң қалдырады.

Зара Даркен Еуропа теннисі номинациясы «Еуропа елдерінен тыс жыл ойыншысы»  жеңімпазы атанды, ал Әмір Омарханов ТЕ 3 турнирін жеңіп қана қоймай, сонымен қатар ITF Juniors J5 турнирінің финалына дейін жетті, бұл 14 жастағы спортшы үшін өте жақсы көрсеткіш саналады. Заңғар Нұрланұлы да белсенді түрде өсіп жетіліп келеді және ТЕ 3 турнирін жеңіп, тағы 2 финал ойнап, қазір ТЕ-де 66-орынға ие және келесі жылы өз жасында әлемнің үздік 10 ойыншысы қатарына кіруге жақсы мүмкіндігі бар. Өткен аптада жеке разрядта ITF Juniors сериясының бірінші санатты беделді турнирін жеңіп алған Максим Батютенконың жетістіктері, сондай-ақ Татьяна Николенко, Аружан Сагандыкова, Дана Байдәулет, апалы-сіңлі Арыстанбековтар,  Айя Нупбай және басқа да көптеген «жұлдыздардың» жарқын жеңістері қуантады.
 
2021 жылы Қазақстан теннис федерациясы 47 ірі халықаралық және 28 республикалық турнир өткізді.  Өңірлерде теннисті, сондай-ақ балалар спортын дамыту бойынша күшейтілген жұмыс жалғастырылды. Сонымен қатар, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға баса назар аударылды.
 
Күншығыс еліндегі Олимпиада қазақстандық теннис жанкүйерлерінің есінде мәңгі қалады. Токиода өткен ойындарда қазақстандық теннисшілер рекордтық 8 лицензияны жеңіп алды – бұл алдыңғы көрсеткіштен екі есе көп. Әлемдік теннистің жарқырап шығып  келе жатқан жұлдызы Елена Рыбакинаның өнер көрсетуі ең сәтті оқиға болды. Қазақстан өкілі өзінің бірінші Олимпиадасында қорытынды төртінші орынды иеленді.
 
«Бұл марапат федерация президенті Болат Жәмитұлы Өтемұратовтың Қазақстандағы теннисті дамыту жөніндегі ұзақ та қажырлы еңбегінің мойындалуы деп білеміз: еліміздің барлық өңірлерінде теннис орталықтары салынды, тенниспен айналысатын балалар саны 10 еседен артық өсті, Федерация барлық жас санаттарында ірі ұлттық және халықаралық турнирлер өткізеді, ұлттық жаттықтырушы кадрларды дамыту бойынша тынымсыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстанның ерлер құрамасы Әлем чемпионатының (Дэвис Кубогы) ширек финалына алтыншы рет шықты. Әйелдер әлемдік теннис элитасында берік орын алды. Осыдан бір апта бұрын Халықаралық федерация әлемнің барлық ұлттық теннис федерацияларының жалпы дауыс беруімен ҚТФ дауыстарының санын арттыру туралы шешім қабылдады, бұл қазақстандық теннистің жетістіктерін тағы бір мойындау болды. Теннистің көптен бері жанкүйері болып келе жатқан Елбасы үлкен қолдау көрсетіп отыр, сондай-ақ Болат Жәмитұлы жүргізген белсенді жұмыс бүгінгі жеңістерге жағдай жасады және бұл біздің зор жетістіктеріміздің бастамасы ғана екеніне сенімдімін», деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер