Қазақстан теннисінің халықаралық аренадағы үлкен жеңісі

06.12.2021    Оқылғаны: 1199
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан Халықаралық теннис аренасындағы өз позициясын сенімді және дәйекті түрде нығайтып жатыр. Біздің еліміз ITF-тегі (Халықаралық теннис федерациясы) дауыс санын көбейтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Халықаралық теннис федерациясының жыл сайынғы жалпы жиналысында 155 елдің өкілдері дауыс беріп, Қазақстанның дауыс саны жетіге дейін ұлғайды. Бұл маңыздылығы бойынша алты деңгейдің үшінші саналады. Дауыс саны көп елдер 12 Дауыс (тек 5 ел бар), 9 дауыс (14 ел), содан кейін 7 дауыс (Қазақстанмен бірге - 8 ел) болып бөлінеді. Енді біздің еліміз ITF-те Хорватия, Сербия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Таиланд сияқты мемлекеттермен тең дәрежеде болады.
 
Осылайша, Қазақстан теннисті дамытудың жалпы деңгейі бойынша ресми түрде әлемнің ТОР 20 елінің қатарына енді. Еліміздің пайдасына шешілетін мұндай шешім ITF Директорлар кеңесінің бағалау нәтижелері бойынша қабылданды, онда мынадай жайттар - тенниспен айналысатын адамдардың саны, елде салынған корттар саны, ұлттық құрамалардың нәтижелері, соның ішінде Олимпиадада, Дэвис кубогы мен Билли Джин Кингтің командалық жарыстарында ойыншылардың өнер көрсетуі ескерілді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы әлем чемпионатының ¼ финалына (Дэвис Кубогы) алты рет шықты. Біздің әйелдер құрамасы әлемдік топта ойнайды. Токиодағы Олимпиадаға қазақстандықтар рекордтық сегіз лицензия жеңіп алды, ал сол ойындарда Елена Рыбакина ең мықты 4 теннисші қатарына кірді. Осы жетістіктердің барлығы халықаралық қоғамдастықтың теннисті дамытудағы сіңірген еңбегімізді мойындауы болып табылады.
 
«Қазақстан әлемдегі ең мықты теннис державаларымен қатар келеді. Еліміздің теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың 2007 жылдан бері өз қаражаты есебінен қазақстандық ғана емес, әлемдік теннисті дамытуға шамамен 100 млн АҚШ долларын инвестициялаған рөлі зор. Қазақстанның барлық ірі облыс орталықтары мен қалаларында теннис орталықтары салынып, жұмыс істейді – бұл біздің балаларымыздың дамуына, теннис ойнауға мүмкіндік береді. Корттар санының артуы және теннис инфрақұрылымын нақты бақылау корттарды жалға алу бағасының 2007 жылғы $ 50-70 – тен 2021 жылы $ 4-12 - ге (өңірге байланысты) дейін күрт төмендеуіне алып келді. Біздің турнирлерге алыс және жақын шетелден ойыншылар келеді, барлығы ұйымның жоғары деңгейін атап өтіп жүр. Біздің үлкен күнтізбеміз де бар – ересектер арасында да, 12, 14, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да көптеген халықаралық турнирлер өткіземіз. Мұның бәрі бұқаралықты арттыруға, балаларымыздың барынша көп ойнауына және ең бастысы, олар өз елінің сенімді және лайықты азаматтары болып өсулеріне бағытталған, олар әрқашан алға қойған мақсаттарға қол жеткізеді, өздеріне сенеді және Қазақстанды табысқа жетелейді», - деп атап өтті ҚТФ вице-президенті Юрий Польский.
 
2007 жылдан басталғандағы қазақстандық теннистің негізгі жетістіктері
 
- 3000-нан астам болашағы бар балалар тенниспен тегін айналысады, 30 000-нан астам балалар мен ересектер ҚР барлық қалаларында тұрақты негізде теннис секцияларына қатысады;
- Корттардың жалпы саны 6 есеге артты, еліміздің барлық өңірлерінде халықаралық деңгейдегі 37 теннис орталығы салынды;
- Корттар санының артуы және теннис инфрақұрылымын нақты бақылау корттарды жалға алу бағасының күрт төмендеуіне әкелді. 2007 жылғы 50-70 доллардан 2021 жылы 4-12 долларға дейін (аймаққа байланысты).
- Еліміздің 16 өңірінде 344 корт салынды;
- Білікті ұлттық жаттықтырушылардың жалпы саны 224 адамды құрайды;
- 2017 жылы ITF және ATF-пен бірлесіп алғаш рет 12 жасқа дейінгі балалар арасында Азияның командалық біріншілігі өткізілді, оған 14 Азия елдерінің жас теннисшілері қатысты. Бұл жоба бүкіл әлемде ФТК президенті Болат Өтемұратовтың бастамасы бойынша іске қосылды, ол жылына $725 000 көлемінде жарысты толық жыл сайынғы қаржыландыруды жүзеге асырады.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер