Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездеседі
Теннистен 2022 жылғы Дэвис кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандықтар финалдық кезеңге жолдама алу үшін Норвегиямен күш сынасады. Матч алдағы жылы 4-5 наурыз күндері Норвегияда өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық бәсекеден тұрады және үш сеттік форматта өтеді. Финалға іріктеу кезеңінде үздік атанған 12 команда жолдама алады. Оларға биылғы Дэвис кубогының финалистері – Ресей мен Хорватия қосылады. Сондай-ақ Ұлыбритания мен Сербия құрамалары арнайы шақыртумен барады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.