Михаил Кукушкин: «Біірінші геймнен бастап жанталасамыз»

01.12.2021    Оқылғаны: 270
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Александр Бублик пен Михаил Кукушкин Дэвис кубогының финалдық кезеңінде Сербия құрамасына қарсы ойнайды. Матч қарсаңында құрама жігіттері өз ойларын білдірді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
«Матч бізге аса маңызды екені рас. Еліміздің намысын жыртамыз, бұл әрқашан құрметті және жауапты іс саналады. Әрине, алдағы матчқа қызу дайындалып жатырмыз, адам айтса нанғысыз жетістікке жетуге тырысамыз. Біз бірінші геймнен бастап, соңына дейін күресеміз. Қарсыластың таңдауы көп, кімдердің шығатыны түсініксіз. Әзірге мен матчқа оңтайлы қалпымызбен шығып, жақсы ойнауға барымды саламын», - деді Кукушкин.
 
Екінші матчта Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпен ойнайды. Қазақстанның үздік теннисшісі аса сабырлы қалпынан айныған жоқ және өзіне сенімді.
 
«Мен әлемнің бірінші ракеткасына арнайы дайындалмаймын. Біз жалпы Сербиямен ойынға дайындалып жатырмыз. Біріншіден, команда ортақ және екі ұпай алуды мақсат тұтамыз. Оны кім істейді,  ол маңызды емес. Сондықтан көңіл-күйіміз сол қалпы», дейді Бублик.
 
Еске сала кетейік, Сербиямен болатын матчты сәрсенбі, 1 желтоқсанда Qazsport телеарнасы тікелей эфир де көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00-де басталады.
 
Қазақстан құрамасының ресми демеушісі: «Samruk Kazyna» ҰӘҚ.
Ерлер құрамасына арналған спорттық киім ұсынған - copa.kz спорттық жиынтықтармен жабдықтау орталығы.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер