Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты

28.11.2021    Оқылғаны: 257
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бүгін жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Вашек Поспишилмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Бублик екі рет брейк жасады - 6:2. Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкте қазақстандық теннисші қарсыласының сетбол жасауына мүмкіндік бермеді. Сосын өзі матчболын мүлт жіберген жоқ - 7:6 (8:6). Бәсеке барысында Бублик 18 эйс жасады. Сөйтіп А.Бублик есепті 2:0-ге жеткізді. Енді жұптық бәсеке ештеңені шешпейді. Осылайша Қазақстан құрамасы кеше Швецияны жеңсе, бүгін Канаданы сүріндіріп, алтыншы рет Дэвис кубогының ширек финалына шықты.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер