Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді

27.11.2021    Оқылғаны: 918
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Швециядан басым түсті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов Андре Горанссон - Роберт Линдстердтпен кортқа шықты. Бірінші партияда қазақстандық жұп екі брейк жасады - 6:3. Олар екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында А.Голубев пен А.Недовесов 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Осылайша Қазақстан құрамасы топтық бәсекедегі алғашқы матчта Швецияны 2:1 есебімен ұтты. Қазақстандықтар ертең Канада командасымен ойнайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер