Қазақстандық теннисші эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті

22.11.2021    Оқылғаны: 87
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бублик биылғы маусымда 62 матчта 840 эйс жасап, көш бастады. Германиялық Александр Зверев 74 кездесуде 749 эйске қол жеткізіп, екінші орыннан көрінді. Америкалық Рейлли Опелка (43 ойын, 737 эйс) үздік үштікке ілікті. Тағы бір америкалық Джон Изнер (34 матч, 701 эйс) төртінші орынға табан тіреді. Биыл спорттық жолында ең үлкен табысына қол жеткізген ресейлік Даниил Медведев (71 кездесу, 652 эйс) бесінші сатыда. Александр Бублик осы аптада Мадридте Дэвис кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер