Қазақстан құрамасы 12 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Азия біріншілігінің финалына дайындалып жатыр

19.11.2021    Оқылғаны: 170
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
2021 жылғы 22-27 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасында Азияның командалық біріншілігінің финалы өтеді (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021), деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жүлделі орындарға 9 ел: Қазақстан, Ливан, Өзбекстан, Иордания, Үндістан, Пәкістан, Таиланд, Иран және Малайзия таласады.
Қазақстан құрамасы:

Қыздар:
1. Ева Корышева (Ақтөбе);
2. Эвелина Балаған (Алматы);
3. Сабина Шухратова (Шымкент);
Капитан: Мадина Рахим

Ұлдар: 
1. Ярослав Пшеничный (Нұр-Сұлтан)
2. Родион Трайгель (Қарағанды)
3. Мадияр Тағыбеков (Нұр-Сұлтан)
Капитан: Ойбек Әбдірахымов

«Балалар үшін бұл турнир баға жетпес тәжірибе болмақ. Әлсіз қарсыластар жоқтың қасы, барлығы чемпионатқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Әрбір ойынға барынша дайындаламыз. Біз өз елімізде лайықты өнер көрсетіп, жеңіске жете аламыз, ол қолымыздан келеді деп ойлаймын», деп атап өтті Ойбек Әбдірахымов.

Құрлықтық біріншілік елордада төртінші рет өтеді. 2019 жылы біздің қыздар -  Полина Слепцова, Зара Даркен және Іңкәр Дүйсебай команда құрамында чемпион атанса, ұлдар қола медальға ие болды. Турнир Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасымен өткізіледі

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер