Юрий Щукин: «Швециямен матчта жабық хардқа тез және жақсырақ бейімделгендер артықшылыққа ие болады»

16.11.2021    Оқылғаны: 958
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында 27 қарашада шведтермен, ал 28 қарашада канадалықтармен кездеседі. Мадридке сапар алдында команда капитаны Юрий Щукин ҚТФ баспасөз қызметіне біздің құраманың алдағы матчтарға қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

- Юрий Иванович, команда құрамы жасақталып болды ма? Турнир алдында басқа ойыншылар қосыла ма?

Иә, команда толық жасақталған. Команда құрамына Александр Бублик, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов кірді. Қосалқы құрамнан Тимофей Скатов пен Бейбіт Жукаев келеді».

- Біздің жетекші ойыншылардың соңғы ойындарын ескере отырып, олардың формасын қалай бағалайсыз?

Биылғы маусым жалпы біздің ойыншылар үшін тамаша болды. Александр Бублик АТР 250 сериясындағы турнирлердің екі финалында ойнады, сонымен қатар Андрей Голубевпен жұптасып, Франция ашық чемпионатының финалисі атанды. Андрей Голубев пен Александр Недовесов те лайықты өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Александрдың қоржынында «Челленджер» сериясының жұптық дәрежелері бойынша 21 титул бар, оның жетеуін осы жылы жеңіп алды. Дэвис кубогына дайындыққа келетін болсақ, әр ойыншының жеке бағдарламасы бар. Матчтарға бәрі дайын болады деп ойлаймын. 

- Бірінші ойын Швеция құрамасымен өтеді. Сіздің ойыңызша, швециялық қарсыластардың қайсысы біздің команда үшін ең қауіпті деп ойлайсыз?

Швед капитаны ағайынды Имерлер - Микаэль мен Элиасқа сенім артатыны түсінікті. Жалпы, олардың ойыншыларының деңгейлері бірдей, жұптық кезеңдерде де жақсы ойнайды, тағы айта кетейін, ағайынды Имерлер жекелей де, жұптық кезеңде де бірдей күшті».

- Канада - Дэвис Кубогының 2019 жылғы финалисі. Қазіргі Канада финалда ойнаған құраммен салыстырғанда қаншалықты әлсіз немесе күшті. Тіпті бүгін команданың екі көшбасшысы өнер көрсетпейтіні белгілі болды?

Иә, Денис Шаповалов пен Феликс Оже-Альяссим Дэвис кубогының финалдық кезеңіне қатысудан бас тартты. Денистің бас тартуының себебі, ұзақ маусымнан шаршаған, ал Феликстің жарақаты бар. Бірақ қалған теннисшілермен ешқандай жағдайда санаспауға болмайды. «Жыланды үш кессең бе, кесірткелік әлі бар» деген, Вашек Поспишил, Бриден Шнур, Питер Полански және Диз сынды ойыншылар өте мықты.

- Біздің команданың қарсыластар алдында қандай басымдығы бар?

Командада тәжірибелі ойыншыларымыз бар, олар үздік теннисшілерді жеңе алатынын бірнеше рет дәлелдеген. Біздің Голубев пен Недовесов жұбы өте мықты, біздің жігіттер тұрақты өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенемін».


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер