
Александр Недовесов Братислава турнирінің финалында ұтылды
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен украиналық Денис Молчанов соңғы бәсекеде словакиялық Филип Хорански – тағы бір украиналық Сергей Стаховскиймен бас жүлдені сарапқа салды. Словакиялық-украиналық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. А.Недовесов пен Д.Молчанов 4 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алған жоқ.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























