Александр Недовесов Словакиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами - Дивиж Шаранмен кездесті.п Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Недовесов пен Молчанов 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйспен шектелді. А.Недовесов пен Д.Молчановтың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.