Туған күніңіз құтты болсын, Болат Жәмитұлы!

13.11.2021    Оқылғаны: 894
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Қазақстан Теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратов өзінің туған күнін тойлайды. Біздің елдің теннис қауымдастығы оның атына келген көптеген құттықтауға қосылады, барлық бастамасында жетістік, сәттілік пен шабыт, ал күнделікті өмірде денсаулық пен береке тілейді.

Болат Жәмитұлының меншікті мерекесі қарсаңында ҚТФ баспасөз қызметі оның теннистегі ғұмырының ең маңызды оқиғалары мен жетістіктерін еске алуды жөн көріп отыр.

Бастау

Болат Өтемұратов 2007 жылдан бастап  Қазақстан Теннис Федерациясының президенті қызметін атқарып келеді және теннис спортын елде ғана емес, әлемдік аренада да жүйелі түрде ілгерілетуді жалғастырып жатыр. Ол 2015 жылдан бастап Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) Директорлар кеңесінің және Дэвис Кубогы комитетінің құрамына кіреді. Араға төрт жыл салып, 2019 жылдың қыркүйегінде ITF Директорлар кеңесінің мүшесі болып қайта сайланды. Ол ең көп дауысқа ие болды және 1 қазанда ITF ұйымының төрт вице-президентінің бірі болып тағайындалды. Осылайша, ТМД елдерінің өкілі теннис тарихында алғаш рет ITF вице-президенті лауазымына ие болды.

Балаларды тенниске тарту

Өткен 14 жыл ішінде Болат Жәмитұлы Қазақстанда теннисті дамытуға 95 млн АҚШ долларынан астам өз қаражатын жұмсады. Осы уақыт ішінде еліміздің әрбір ірі қаласында заманауи халықаралық талаптарға сай кемінде бір теннис орталығы салынды. Балалар топтары жұмыс істей бастады, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы жасақталды. Инфрақұрылымды дамыту, әртүрлі жастағы адамдарға аталған спорт түрінің қолжетімділігін, жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстандықтарға үздік ойыншылардың қатарында орнығуға мүмкіндік беретін Team Kazakhstan жобасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл Дэвис Кубогы мен Билли Джин Кинг Кубогының ұлттық командаларын және жеке теннис резервін қалыптастыру үшін құрылған бірегей спорт мектебі болып саналады.

Қазақстан құрамасының тың серпіні

Осыдан он жыл бұрын теннистен қазақстандық ерлер құрамасы әлемнің үздік ТОР15 тізіміне кіреді деп ешкім болжай алмаған. Бірақ Болат Өтемұратов бұған сенді және оның үміті ақталды! Біздің команда Дэвис Кубогының ширек финалында бес рет ойнады және осы жылдың қараша айында өз тарихында екінші рет Мадридтегі «күміс салат ыдысының» финалдық кезеңінде ойнайды.

Жетістіктер

Тек биылдың өзінде бірнеше маңызды рекорд орнады. Алғаш рет жеті теннисшіміз Олимпиада ойындарына қатысты. Александр Бублик пен Андрей Голубев ерлер арасындасындағы «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сынында финалға шықты. 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында Нұр-Сұлтан қаласында ел тарихында екінші рет ATP 250 сериялы турнир өтті (біріншісі 2020 жылдың күзінде өткен еді), сондай-ақ еліміз алғаш рет WTA 250 сериялы әйелдер турнирін ұйымдастырды.
 
Халықаралық қауымдастықтың мойындауы

2017 жылы Болат Жәмитұлы теннисті дамытуға жұмсаған күш-жігерінің арқасында Халықаралық теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының «Қазақстандағы теннисті дамытудағы үздік жетістіктері үшін» сыйлықтарымен марапатталды. Бұл оның тек отандық қана емес, сондай-ақ әлемдік спорт алдындағы еңбегін жоғары халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер