Недовесов жұптық сында Словакиядағы турнирдің 1/2 финалына шықты
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда испаниялық Серхио Мартос Гомес – үндістандық Рамкумар Раманатанмен шеберлік байқасты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Недовесов пен Молчанов бәсеке барысында 3 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. А.Недовесов – Д.Молчанов финалға шығу үшін үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами – Дивиж Шаранмен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.