Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сайысында Германиямен кездеседі

06.11.2021    Оқылғаны: 687
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Прага қаласында әйелдер құрамалары арасында 2022 жылы өтетін Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайыстарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Еліміз құрамасы Нұр-Сұлтанда Германиямен кездеседі. Матч 2022 жылы елордада 15-16 сәуірде өтеді. Егер қазақстандық қыздар жеңген жағдайда алғаш рет финалдық кезеңге жолдама алып, бас жүлдені сарапқа салатын болады. Қазақстан құрамасы осы іріктеу сайысына биылғы сәуірде Аргентина теннисшілерін 3:2 есебімен жеңгеннен кейін өткен еді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер