Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалында жеңіліп қалды

01.11.2021    Оқылғаны: 1006
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Голубев монаколық Юго Ниспен бірге финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джэйми Маррей – бразилиялық Бруно Соареспен бас жүлдені сарапқа салды. Д.Маррей мен Б.Соарес 1 сағат 20 минутқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке барысында Голубев пен Нис 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді. Бұл А.Голубевтің өз спорттық жолындағы жұптық сында ATP додаларындағы екінші финалы еді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер