Жібек Құламбаева Қарағандыдағы турнирдің чемпионы атанды

24.10.2021    Оқылғаны: 191
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Ж.Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Ж.Құламбаеваның өзінің спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысы. Қарағандыда жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік шықты. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен тізе бүктірді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер