Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

15.10.2021    Оқылғаны: 243
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге жартылай финалда украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина мен Кудерметова 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыластары 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды. Е.Рыбакина мен В.Кудерметова финалда доданың екінші ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – бельгиялық Элиза Мертенспен бас жүлдені сарапқа салады. Қазақстандық теннисші жұптық сында осындай деңгейдегі жарыста алғаш рет финалға шығып отыр.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер