Теннис: Юлия Путинцева Astana Open турнирінің финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жартылай финалда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты. Р.Петерсон осы дода барысында тағы бір қазақстандық Зарина Диястан айласын асырып кеткен болатын. Бұл жолы бірінші партияда Юлияның басымдылығы айқын байқалды – 6:2. Ю.Путинцева екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 4:1. Матчқа доп бергенде, Петерсон брейк жасап, есепті қысқартты – 3:5. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4 Ю.Путинцева финалда әлемнің 89-ыншы, осы доданың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
04.12.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
30.11.2023
ҚТФ баспасөз қызметі