Astana Open: Юлия Путинцева ширек финалға өтті

29.09.2021    Оқылғаны: 636
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 408-орында тұрған Беларусь өкілі Вера Лапкомен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде де дәл сондай есеппен матчты түйіндеді – 6.4. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 3 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 (3 брейк-пойнт) брейктен аса алмады. Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 160-орында тұрған 21 жастағы ресейлік Анастасия Гасановамен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер