Astana Open: Зарина Дияс ширек финалға шыға алмады
Қазақстандық Зарина Дияс Astana Open WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 109-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 86-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен кортқа шықты. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған кездесу барысында швециялық теннисшінің басымдылығы айқын байқалып тұрды. Екі сетте де алға кеткен ол 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Р.Петерсон 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. З.Дияс 6 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жаза алды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
01.10.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
30.09.2023
ҚТФ баспасөз қызметі