Astana Open: Зарина Дияс екінші айналымға шықты

28.09.2021    Оқылғаны: 1103
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Зарина Дияс Astana Open WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 109-ракеткасы З.Дияс бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 210-орында тұрған 19 жастағы ресейлік Анастасия Захаровамен өткізді. Бірінші партияда тай-брейкте Зарина Дияс басым түсті - 7:6 (8:6). Екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:4. Үшінші, шешуші сетте алдымен Зарина алға шыққанымен, ресейлік теннисші таразы басын теңестірді. Дегенмен Зарина тартысты өткен матчты жеңіспен түйіндей білді. З.Дияс екінші айналымда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасады. Ол рейтингте 121-сатыдағы швейцариялық Штефани Фегелені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер