18 жыл өткен соң Сан-Ву Квон Оңтүстік Кореяға ел тарихындағы екінші ATP титулын әкелді
Чемпион Нұр-Сұлтанда ATP турнирінде дебют жасады. Квон бүкіл турнирді өте жақсы бастап, соңына дейін сенімді ойнады. Барлық кездесуін біркелкі және өте тегіс күшті өткізіп, жанкүйерлерді өзінің шеберлігімен, сенімділігімен, парасаттылығымен және байсалдылығымен тәнті етті. Ол Оңтүстік Корея теннисшілері арасынан ATP титулын алғаш және соңғы жеңіп алған ойыншы Ли Хён Тайктың 2003 жылғы Сиднейдегі жеңісін қайталады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Бүгінгі плей-оффта екі теннисші оңқай болғандарына және екі қолмен жұмыс жасауды жөн көретініне қарамастан, сарапшылардың көпшілігі Джеймс Даквортқа аздап артықшылық берген еді.
Бірінші сетте қарсыластар ойынға сенімді түрде кірісіп, ойынды тай-брейкке жеткізді. Аустралиялық теннис лотереясын жылдам бастады: есеп 6:3 болғанда, Джеймстің үш сетболы болды, былай қарағанда сеттегі жеңіс қалтада сияқтанған, бірақ Квон нағыз жауынгерлік мінез көрсетті. Ол сенімді түрде допты ойынға қосып, екі ұпай алды, содан кейін екі мини-брейк жасап, сетте 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Екінші сет Сун-Ву үшін өте нашар басталды. Дакворт бірден қарсыласының аңысын аңдып, алға шықты. Алайда келесі геймде бәрі керісінше шықты - Квон алға шықты. Дәл осы сәт шешуші кезеңге айналды. «Таңғы балғындық елінің» теннисшісі жігерлене түсіп, салы суға кеткен Джеймсті оп-оңай жеңді. Нәтижесінде сенімді жеңіс оңтүстіккореялыққа бұйырды да кетті - 7:6, 6:3.
«Бұл ATP 250 турнирі аясында мен ұтқан алғашқы жеңіс, қазір қатты толқып тұрмын. Джеймске көп рахмет, оны да құттықтаймын. Ол осы аптаны керемет өткізді, оған болашақта сәттілік тілеймін. Ұйымдастырушыларға, лайнмендерге, супервайзерлерге, болбойлар мен барлық қызметкерге алғысым шексіз. Демеушілерге және Қазақстан теннис федерациясының президентіне керемет қонақжайлылық үшін де көп рахмет. Бұл мен қатысқан ATP 250-дің ең жақсысыі болды. Мен келесі жылы міндетті түрде қайта ораламын және баршаңызды жаңа жеңіспен қуантамын», - деді жеңімпаз марапаттау кезінде.
Еске сала кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтанда Джон Миллман өзінің бірінші титулын жеңіп алған болатын. Бір жылдан кейін Су-Ву Квон өзінің дебюттік кубогына қол жеткізді, осылайша Astana Open ATP 250 турнирі болашақ үлкен табыстардың бейресми трамплиніне айналып отыр.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
29.11.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2025
ҚТФ баспасөз қызметі