Astana Open: Александр Бублик финалға шыға алмады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Осы жарыстың екінші ракеткасы А.Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстіккореялық Квон Су Вумен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде оңтүстіккореялық қарымта қайырды - 7:5. Үшінші, шешуші сетте Квон Сун Ву жеңісті жұлып алды - 6:3. Екі сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Бублик 26 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тек екеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 7 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді. Оңтүстіккореялық спортшы финалда аустралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі. Ол жартылай финалда Беларусь өкілі Илья Ивашканы ұтты - 6:3, 7:6 (7:4).

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.