18 эйс Бубликке Astana Open ATP 250 ширек финалына шығуға көмектесті
Қазақстанның бірінші ракеткасы Нұр-Сұлтандағы турнирдің екінші айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Біздің теннисші үш сетте сербиялық Миомир Кецмановичті 2:6, 6:3, 7:5 есебімен ұтты.
Алғашқы ойында Александр қарсыласының ойынына бейімделіп үлгермей, сетті беріп қойды. Екінші партияда бір брейкті жүзеге асырып пен өзінің доп беруінде мінсіз ойнаған қазақстандық басымдыққа ие болды.
Ойындағы шешуші сәт сегізінші геймде болды, сербтің үш брейк-пойнты болса да, Бублик оларды керемет түрде қатарынан үш эйспен басым түсті, ал келесі геймде жеңіске жетті. Барынан айырылған қарсыласы ақыры 5:5 есебінен кейін жеңілісін мойындады. Александр кезекті геймде тағы да брейк жасап, матчты аяқтады.
Бублик 1 сағат 23 минутта 18 рет эйс жасап, сегіз қосарланған қателік жіберді және бес брейк-пойнттың екеуін жүзеге асыра алмады.
Қазақстандықтың келесі қарсыласы Егор Герасимов (Беларусь) - Карлос Табернер (Испания) матчының жеңімпазы болмақ.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.