Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады

22.09.2021    Оқылғаны: 1039
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Тимофей Скатов Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 280-орында тұрған 20 жастағы Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы, Беларусь өкілі Илья Ивашкамен шеберлік байқасты. Бұл кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Беларусь спортшысы 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. И.Ивашка 6 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Скатов 2 брейктен аса алмады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер