Попко Astana Open ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

20.09.2021    Оқылғаны: 127
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Дмитрий Попко іріктеу финалында үш сетте тәжірибелі аустралиялық, аралас жұп санатындағы Australian Open жеңімпазы Мэттью Эбденді 3: 6, 6: 3, 6: 4 есебімен жеңді. Бұл туралы ҚТФ хабарлады.
 
Матч 2 сағат 2 минутқа созылды. Дмитрий бес рет эйс жасап, үш брейк-пойнтты жүзеге асырды және екі қосарланған қателік жасады. Ал Эбден үш рет эйс жасады, алты брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырып, төрт қосарланған қателікке жол берді.
 
«Матч өте ауыр болды, тәжірибелі ойыншы ойын ырғағын өзгертіп, қарсыластың қимылын бағатын болып шықты. Өте қиын болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Шынында да, ол жақсы бастады, 3:1 есебімен алға шықты, оның соққыларын күтіп алып, 4:1 жасауға мүмкіндік болды, сәл сәттілік жетпей қалды. Үшінші сетте брейк-пойнтары көп болды, ойында шыдамдылығымен көзге түсті», - деді Попко ойыннан кейін.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер