Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 іріктеуінің финалына шықты

19.09.2021    Оқылғаны: 983
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында бірінші іріктеу ойындары басталды. ATP рейтингісінде 195-орында тұрған Дмитрий Попко 846-орындағы болгариялық Симон Ивановты екі сетте жеңді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

59 минутқа созылған матч 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. 24 жастағы қазақстандық жеті рет эйс жасап,  екі рет қосарланған қателік жіберді және мүмкін болған бес брейк-пойнтты жүзеге асырды.  Оның 21 жастағы қарсыласы бір эйсімен көзге түсіп, бес рет қосарланған қателік жіберді және бір брейк-пойнтқа ие болды.

«Нұр-Сұлтанға алдын ала келіп, жақсы дайындық жасадым. Бір апта бұрын Қазақстан чемпионатында ойнадым. Мен өзімді орталық алаңда жақсы сезінемін, оны бұрыннан білемін, себебі мұнда бірнеше рет ойнағанмын. Кездесу басында аздап қобалжығаным рас, бірақ үзілістен кейін өзімді сенімді сезіндім. Келесі кездесуде де барымды саламын және турнирдің негізгі кезеңіне шығуға тырысамын», - деді Дмитрий Попко.

Попко финалда аустриялық Юрий Родионов пен аустралиялық Мэттью Эбден арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
 
Astana Open ATP250 / WTA250 турнирлерінің бас демеушілері: Kazzinc, ForteBank
Ресми серіктестер: The Ritz-Carlton Astana, Aqua Rossa, MasterCard, Technogym.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер