Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты

18.09.2021    Оқылғаны: 713
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан Порторож жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 44-інші, осы турнирдің 2-ракеткасы Ю.Путинцева ширек финалда рейтингте 167-сатыда тұрған италиялық Лючия Бронцеттимен ойнады. Қазақстандық теннисші 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 24 минутқа созылған кездесуде Ю.Путинцева 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Ю.Путинцева жүлде қоры 190 мың АҚШ долларына жуықтайтын доданың финалына шығу үшін әлемнің 40-ыншы, осы жарыстың 4-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстя немесе рейтингте 87-орындағы италиялық Ясмин Паолинидің біреуімен таласады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер