US Open: Андрей Голубев пен Ярослава Шведова сәтті өнер көрсетуде

05.09.2021    Оқылғаны: 427
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Ярослава Шведова US Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 

Жұптық сында «Үлкен дулыға» жарысының 15-ракеткалары болып тіркелген Андрей Голубев пен германиялық Андреас Мьес екінші айналымда босниялық Томислав Бркич – сербиялық Никола Качичпен кездесті. Қазақстандық-германиялық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Аталмыш дуэт 1 сағат 16 минутқа созылған матчта 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. А.Голубев пен А.Мьес үшінші айналымда ширек финалға шығу үшін осы турнирдің 3-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Николя Маюмен таласады.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова аралас жұптық сында франциялық Фабрис Мартенмен ширек финалға шықты. Олар бастапқы кездесуінде доданың 7-ракеткалары, тайбэйлік Чань Хао-Чин – жаңазеландиялық Майкл Винусты 6:4, 3:6, 10:7 есебімен ұтты. Қазақстандық-франциялық жұп екінші айналымда америкалықтар Сачия Викери – Натан Пашамен күш сынасты. Бұл жолы да Шведова мен Мартен супер тай- брейкте жеңісті жұлып алды – 6:4, 4:6, 11:9. Я.Шведова мен Ф.Мартен жартылай финалға шығу үшін украиналық Даяна Ястремская – аустралиялық Макс Пёрселмен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Галина Воскобоева сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы кездесуінде хорватиялық Дарья Юрак пен нидерландылық Матве Миддлкопты 6:2, 3:6, 10:8 есебімен жеңді. Дегенмен екінші айналымда доданың 3- ракеткалары, чилилік Алекса Гуарачи – ұлыбританиялық Нил Скупскиге 7:6 (7:4), 1:6, 8:10 есебімен жол беріп, ширек финалға өте алмай қалды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер