Путинцева мен Дияс Astana Open WTA 250 турниріне қатысады
Юлия Путинцева (WTA рейтингісінде 33-орында) мен Зарина Дияс (WTA рейтингінде 110-орында) 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Astana Open WTA 250 турниріне қатысады. Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, қос спортшымыз Ұлттық теннис орталығының алаңдарының көрігін қыздырады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылар шақырғандардың қатарында әлемнің 52 -ракеткасы, ресейлік Людмила Самсонова, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы және «Үлкен дулыға» додасының бес турнирінде тор жарған француз Кристина Младенович, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы жекелей сында екі Үлкен дулыға турнирінің финалисі - ресейлік Вера Звонарева бар.
Халықаралық турнирде сондай-ақ швециялық Ребекка Петерсон (54), чех қызы Тереза Мартинцова (60), Бельгия теннисшісі Алисон Ван Эйтванк (61), румыниялық ойыншы Ирина-Камелия Бегу (63), словениялық Полона Херцог (86), хорваттиялық Анна Конюх (88) және басқалар қатысады.
Тағы төрт спортшы іріктеу арқылы турнирдің негізгі кезеңіне өтеді, ал қалған төртеуі ұйымдастырушылардан wild card алады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
27.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі