US Open: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

27.08.2021    Оқылғаны: 263
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
30 тамызда басталатын US Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жекелей сында әйелдер арасындағы жарысқа Қазақстаннан төрт теннисші қатысады. Еліміздің бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 99-орында тұрған Беларусь өкілі, тәжірибелі спортшы Александра Сасновичпен кездеседі. Әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 70-орындағы, тағы бір тісқаққан ойыншы, 36 жастағы эстониялық Кайя Канепимен күш сынасады. Рейтингте 110-орында тұрған Зарина Диясқа әлемнің 73-ракеткасы, жуырда 20 жасқа толатын америкалық Аманда Анисимова қарсылас атанды. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, рейтингте 449-сатыдағы тәжірибелі Ярослава Шведова әлемнің 98-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кортқа шығады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингте 134-сатыдағы германиялық Янник Ханфманның шамасын байқап көреді. Егер М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында қарсыласын ұтса, негізгі додаға ол да қосылады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер