Қазақстан Франциямен кездеседі
Бүгін Лондонда Халықаралық теннис федерациясының ұйымдастыруымен, федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей- офф сынына жеребе тартылды.
Біздің әйелдер құрамасы Франция командасына қарсы күшін сынайды. Қазақстан – Франция текетіресі сәуірдің 20-сы мен 21-і аралығында Францияда өтеді.
Басқа кездесу жұптары мынандай: Бельгия - Польша, Аргентина – Великобритания және Украина- Канада.
Осы кездесулерде жеңіске жеткен жұптар, келесі жылдан бастап әлемнің екінші тобында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама Азия/Океания аймағының бірінші тобында Өзбекстан құрамасын қапы калдырған болатын.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























