Елена Рыбакина: "Токио мен үшін үлкен тәжірибе, енді Париж Олимпиадасына қатысуды ойлаймын"

01.08.2021    Оқылғаны: 2367
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарында төртінші орын алды. ҚТФ баспасөз қызметіне сұхбат берген спортшы ойын қорытындысымен бөлісіп, алдағы жоспарларын да айты. 

«Өте ауыр матч. Есепте тағы да алда тұрдым, көп жағдайда ойынды сәтті аяқтау қиынға соқты. Физикалық және психологиялық тұрғыдан қиын болды, өйткені, мен жартылай финалда да дәл осылай ұтылған едім. Оның үстіне, үшінші орын үшін ойнауға да үйренбегенмін. Жартылай финалдағы сәтсіздіктен соң көпшіліктің маған қолдау көрсеткеніне таң қалдым. Шыны керек, риза болдым. Бүгін мен қолымнан келгенше бәрін істеуге тырыстым, бірақ, сәттілік жетпей қалды. Кортқа шығар алдында аздап ауырып қалды. Мұнда барлық жерде кондиционер қосулы тұр. Десе де, бабымда екенімді сездім. Өкінішке қарай, спорттық бабыңды да, иммунитетті де үнемі бақылау оңай болмайды. Олимпиада ойындарының басқа турнирлерден басты айырмашылығы – халықтың шексіз қолдауында. Мен жылы лебіздерге толы хаттарды көп алдым. Жалпы алғанда, бұл жақсы ойындарға толы керемет апта болды. Мен үшін үлкен тәжірибе болғаны анық.  Әрине, жанкүйерлер қатыспағандықтан, корттағы атмосфера мүлде басқа. Парижде өтетін келесі Олимпиадаға қатысамын деген ойдамын. Мүмкін, ол кезде әлемдегі пандемия жағдайы жақсаратын шығар. Сол сәттерде жанкүйерлердің қолдауын тура корттан да ести аламыз. Маған қолдау білдірген барша жанкүйерлерге, Қазақстан теннис федерациясына, бапкеріме үлкен алғысымды білдіремін», - деді теннисші. 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер