Путинцева екінші сетте есепте алда тұрған матчты неге жалғастырудан бас тартқанын айтты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Олимпиаданың бірінші айналымында аргентиналық Надия Подороскиге қарсы кездесуді жалғастырудан бас тартты, деп жазады ҚТФ баспасөз қызметі.
«Өте ыстық! Тыныс алуым қиындады. Екінші сеть барасында ойын ырғағына түскен кезде басым ауырды. Дәрігер шақырдым. Ыстықтан қан қысымым көтеріліп кеткен екен. Сондықтан, матчты жалғастырудан бас тарттым», - деді спортшы.
Еске салайық, Путинцева бірінші сетте 6:7 (4) ұтылды. Екінші сетте 3:1 есебімен гейм саны бойынша алда тұрған еді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі