Елена Рыбакина Олимпиаданың екінші айналымына өтті

24.07.2021    Оқылғаны: 2289
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 

Олимпиаданың бірінші айналымында отандасымыз австралиялық Саманта Стосурге қарсы ойнап, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді екінші айналымда  швециялық Ребеке Петерсонмен кездеседі. 

Зарина Дияс Олимпиада ойындарының бірінші айналымында жарақат алып, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Олимпиада ойындарының бірінші айналымында Дияс чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте әлемдік рейтингте 11-орында тұрған чех қызы 5:2 есебімен жеңіп тұрған. Жетінші геймнен кейін қазақстандық теннисші жарақатына байланысты кездесуді ары қарай жалғастыра алмады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Олимпиада ойындарының бірінші айналымында ресейлік Даниил Медведевпен кездесіп, 6:4, 7:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын 1 сағат 41 минутқа жалғасты. Енді қазақстандық теннисші бүгін Андрей Голубовпен жұптық сында өнер көрсетеді. Қарсылас та белгілі. Олар франциялық Жереми Шарди және Гаэль Монфис. 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер