
Михаил Кукушкин: Олимпиададан кем дегенде бір жүлде алуға тырысамыз
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Дубайда Олимпиада ойындарына дайындығын пысықтап жатыр. Ұлттық құраманың көшбасшы ойыншысы төртжылдықтың басты додасынан не күтетінін айтып, жоспарымен бөлісті.
- Қазір Дубайда оқу-жатттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Олимпиадаға дайындықтың қорытынды кезеңі. Ертең Токиоға жолға шығамыз. Қазір бұл жақта ыстық. Ауа-райымен Токионікімен ұқсас. Сондықтан осында дайындалуды шештік.
- Көп теннисшілер Олимпиадаға турнирлерге қатысу арқылы дайындалып жатыр. Сіз неге ОЖЖ өткізуді шештіңіз?
- Әр спортшының өзінің дайындығы бар. Маңызды жарыстарға дайындықтың түр-түрі болады. Мен Дубайда жаттығуды шештім. Өйткені, Олимпиадағы кездесулердегі төсеніште басқа жарыстар өтіп жатқан жоқ. Сондықтан төсеніш ауыстырып, үйреніскенше уақытым кетеді. Сол себепті Токиодағы төсеніші бар жерде дайындала беруді шештім.
Мен үшін кортқа дайындалу, үйренісу өте қиын. Одан бөлек ауа-райы әсер етеді. Жергілікті климатқа үйренісу бар дегендей. Сол себепті бұл ең оңтайлы шешім болды.
- Дэвис Кубогына құрама бірге дайындалатын еді. Бірақ Олимпиадаға теннисшілер бөлек бөлек жаттығып жүр. Себебі неде?
- Біздің теннисшілерге турнирлерге жеңіске жетуге тамаша мүмкіндіктер бар. Әр спортшы өз бетінше дайындалып жатыр. Өйткені бәрі өз ісінің маманы, жауапкершілігі бар. Жарысқа бәрі жақсы дайындықпен келетініне сенімдімін.
- Олимпиадаға келіп жатқандардың арасынан коронавирус табылып жатыр. Вакцина салмаған сіз үшін қандай қауіп бар?
- Біздің спортшылардан әзірге вирус табылмады. Олимпиадада коронавирус жұқтырғандар екі апталық карантинге кетеді. Дегенмен Олимпиада комитеті қатты тексеріп жатыр. Күнделікті тест тапсырып, байланыс жасайтын адамдар тізімі азаяды. Тек спортшылармен кездесе аламыз.
Сондықтан төрт жылда бір келетін жарысқа келіп, қатыса алмау өкінішті болмақ. Сондықтан әр спортшы жауапкершілікті сезеді. Бәрі жақсы болады деген сенімдімін.
- Жыл басында Аустралиядағы жарыста карантин шарасына теннисшілер қарсы шыққан еді. Бұл жолы қалай болады деп ойлайсыз?
- Аустралияға қарағанда жақсырақ болады деп ойладым. Ол жақта ұйымдастырушылар бізді алдады. Өйткені жарысқа келісімен екі апта карантинде жаттық. Тест кері нәтиже көрсеткеннің өзінде карантин шарасы қатты болды.
Олимпиада әрбір спортшы үшін өте маңызды жарыс. Еліміздің атын танытуға үлкен мүмкіндік. Сол себепті барлық қиындыққа шыдауға дайынмын.
- Коронавирус ахуалына байланысты Олимпиадада қатты тексеріп жатыр. Бұл спортшыларға қосымша қиындық болмай ма?
- Комитет барлық көмекті көрсетіп жатыр. Дегенмен спортшылар үшін Олимпиадаға бару жолындағы осындай қиындықтар жаман болмақ. Бірақ та бұл маңызды шаралар екенін түсінеміз. Өйткені қаншама адамдар келіп жатыр. Сақтық шараларын сақтау қажет.
- Олимпиадада сенсация болады деп ойлайсыз ба?
- Олимпиадада сенсация болатынына сенімдімін. Өйткені төртжылдықтың басты додасында кез келген спортшылар елінің атын шығарғысы келеді. Джокович керемет маусым өткізді. Жарыстың ең басты фавориті. Сондай-ақ Ресей құрамасының қарымы мықты. Үздік ондықтағы екі теннисшісі бар. Дегенмен біраз мықты теннисшілер жарысқа келуден бас тартты. Сондықтан кез келген нәтиже тіркелуі мүмкін деп ойлаймын.
- Олимпиададағы мақсатыңыз қандай?
- Әрине, Олимпиада алтынын алу - басты мақсатымыз. Жүлде алуға барымызды саламыз. Дегенмен кем дегенде екі турдан өтуге тырысамын.
- Биылғы Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтеді. Бұл спортшыларға қандай ықпалын көрсетеді?
Әрқайсымыз өз ісіміздің деңгейіміз. Сондықтан кез келген жағдайда ойнауға дайынбыз. Дегенмен көрерменнің болғаны жақсы ғой. Өйткені біз жанкүйерлеріміз үшін ойнаймыз. Бұға қоса, Олимпиадада жанкүйерлердің болғаны керемет болар еді. Биыл Қазақстан құрамасы кем дегенде бір жүлде алып келуге барымызды саламыз.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.