Зарина Дияс Токио Олимпиадасына қатысады

15.07.2021    Оқылғаны: 972
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Дияс Олимпиада лицензиясының иегері болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұл Халықаралық теннис федерациясы қалған квоталарды қайта бөлуді жүзеге асырғаннан кейін белгілі болды. Спортшының ITF лицензиясын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті растады.

Спортшы жекелей сында өнер көрсетеді. Осылайша, алты қазақстандық жекелей сында бақ сынайды.Атап айтқанда, бұған дейін Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин жолдама иеленген. Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик, сондай-ақ Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова сынға түседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер