Қазақстаннан тағы екі теннисші Токио Олимпиадасына жолдама алды
Қазақстаннан тағы екі теннисші Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Халықаралық теннис федерациясы осы қос теннисшінің Олимпиадаға қатысатынын ресми түрде мәлімдеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталғанын жазған болатынбыз. Бұл Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева үшін алғашқы Олимпиада болса, Ярослава Шведова үшінші рет бармақшы. Осылайша Токиоға алты бірдей теннисшіміз аттанғалы отыр. Бұдан бұрынғы Олимпиадаларда қазақстандық теннисшілер төрт жолдамадан артық иеленіп көрген жоқ еді. Теннисшілердің жекелей не жұптық сында өнер көрсететіні дүбірлі дода жақындағанда шешіледі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі