Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталды

15.06.2021    Оқылғаны: 1032
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстаннан Токио Олимпиадасына қатысатын теннисшілер анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингке сәйкес Токиода ел намысын ерлер арасында Александр Бублик, әйелдерден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова қорғайды. Я.Шведова үшін бұл үшінші Олимпиада болмақ.

Іріктеу тәртібіне сәйкес жекелей сында олимпиадалық ойындарға әр елден ерлер мен әйелдерден төрт үздік теннисшіден қатыса алады. Ол үшін ойыншы ATP және WTA рейтингілеріне 2021 жылғы 14 маусымдағы мәлімет бойынша үздік 56 теннисшінің қатарына кіруі керек және Дэвис кубогы мен Федерация кубогында сол елдің атынан өнер көрсеткен болуы тиіс.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер