Қазақстан теннис федерациясы "Ата-аналарға арналған гидті" ұсынды

27.05.2021    Оқылғаны: 2868
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бұл ата-ана мен ойыншыларға "10 жасқа дейінгі теннис " бағдарламасы туралы көбірек білуге көмектеседі, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұл "Гидтің бірегейлігі - ол құрылымды және түсінікті. Біз әрбір баланың болашақта Team Kazakhstan-ның бір бөлігі және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы бола алатынын барлығына нақты жеткізгіміз келеді. Біз маңызды сұрақтарға жауап беруге тырыстық: бала қызыл, қызғылт сары және жасыл баяу доптарды не үшін қолдануы керек және балалар неге кішігірім корттарда ойнауы керек. Болашақта бала кәсіби ойыншы болу-болмауына қарамастан, оған төрт маңызды нәрсені үйретеміз: Құрметтеу, Үйрену, Бәсекелесу және Зерттеу. Бұл біздің бағдарламамыздың басты мақсаты мен философиясы.       
     
Біздің "Гидтің" екінші ерекшелігі - ата-аналға арналған, олардың 10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасындағы рөлі өте маңызды, өйткені олардың мінез-құлқы осы жастағы балаларға айтарлықтай әсер етеді. Ата-аналар баласын және оның жаттығу бойынша достарын шабыттандырып, жылы шырай танытқаны жөн, яғни жеңіс немесе жеңіліс кезінде баласына қысым жасамай, әрқашан баласымен мақтанып, сезім мен сөзін бақылауға тырысуы керек, жаттықтырушыны қолдап, құрметтеуге тырысып, оған жұмысын орындауға мүмкіндік беруі, баланы ақырғы нәтиже емес, ойын барысы үшін мақтауы, әрқашан баласына құлақ асуы, еркіндік пен кәсібилікті дамытып, төрешіні құрметтеуі, қызығушылық пен түсіністік танытып, басқа ата-аналарға достық пейілмен қарауы қажет.                            
Ойыншыларды дамыту бойынша Қазақстан теннис федерациясының құрылымын түсінген жөн; "10 жасқа дейінгі теннис" бағдарламасы дегеніміз не; ата-аналардың мінез-құлқы қандай болуы тиіс. Осы бағдарламаны дамыту аясында мен бөліп көрсететін негізгі мәселелер болашақта балаға спорт қана емес, өмір дағдыларын теннис арқылы да қалыптастыруды қамтамасыз ете алады", - деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Дэйв Майли.
 
Ата-анаға арналған "Гид" Қазақстанның барлық теннис орталықтарында және ҚТФ әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында қолжетімді болады. ЖҮКТЕУ


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер