Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 665-орында тұрған Я.Шведова бастапқы кездесуін әлемнің 97-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен өткізді. Бірінші партияда М.Тревизан бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Есесіне екінші сетте Я.Шведова тай-брейкте қарсыласының меселін қайырды – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші тағы да тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6). Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды. Я.Шведова жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын доданың екінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
07.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі