Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді

18.04.2021    Оқылғаны: 666
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Аргентинаның Кордова қаласында Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жекелей кездесулерде есеп 2:2 болғаннан кейін матч тағдыры жұптық сында шешілді. Қазақстаннан құрама капитаны Ярослава Шведова мен Анна Данилина, Аргентинадан Надя Подороска мен Мария Лурдес Карле кортқа шықты. Капитанның өзі ойынға араласқаннан кейін оның орнына Зарина Дияс шығып, құрама мүшелеріне көмектесті. Бірінші партияда қазақстандық жұп қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте есеп 2:2 болған сәтте аргентиналықтар брейк жасап, алға шықты. Олар сетке доп бергенде, қазақстандық жұп қайыра брейк жасады – 5:5. Я.Шведова мен А.Данилина тағы бір брейкпен матчты бітірді – 7:5. Жұптық бәсеке 1 сағат 25 минутқа созылды. Осылайша Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Билли Джин Кинг кубогының шешуші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл бәсекелер алдағы жылы өтеді. Жеребе тартылғаннан кейін Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер