Аргентинамен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

..    Оқылғаны: 161
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Аргентинамен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бәсекелер Кордова (Аргентина) қаласында Cordoba Lawn Tennis Club топырақ төсеніші корттарында 16-17 сәуір күндері өтеді. Қазақстан құрамасына мына ойыншылар енді. 1. Елена Рыбакина (әлемнің 23-ракеткасы); 2. Юлия Путинцева (31-ракетка); 3. Зарина Дияс (88-ракетка); 4. Анна Данилина (290-ракетка); 5. Ярослава Шведова (738) – Ярославаның декреттік демалысы кезіндегі рейтингісі есепке алынды.

«Ел құрамасы рейтинг пен теннисшілердің соңғы көрсеткіштеріне сәйкес жасақталды. Жекелей сында Рыбакина, Путинцева және Дияс Қазақстан намысын қорғайды. Жұптық сында менімен бірге Анна Данилина кортқа шықпақшы. Бірақ жұптық сында дәл кімнің ойнайтыны жекелей бәсекелердің нәтижесіне және теннисшілердің денсаулығы мен жай-күйіне байланысты болмақ», деді Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Я.Шведова.

Аргентина – Қазақстан матчының ойын кестесі мен қарсылас команда құрамы кейін жарияланады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер