Алматыда теннистен Қазақстан жасөспірімдер чемпионаты мәреге жетті

03.04.2021    Оқылғаны: 2924
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Алматыдағы «Эйс» теннис орталығында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

еліміз өңірлерінен ең мықты деген жас спортшылар қатысты. Бозбалалар арасында қарағандылық Арсланбек Айтқұловтың мерейі үстем болды. Ол финалда турнирдің 3-ракеткасы, елордалық Ислам Орынбасарды 5:7, 6:0, 6:4 есебімен ұтты. Павлодарлық Илья Ведмедьтен 6:1, 6:3 есебімен айласын асырған алматылық Жангер Алмашев үшінші орынға ие болды. Қыздар арасында алматылық Айя Нұпбай жеңімпаз атанды. Ол өткен жылғы чемпион, елордалық Жанел Рүстемованы қапы қалдырды (7:5, 6:2). Үшінші орын үшін бәсеке алматылық апалы-сіңлілі Асылжан мен Еркежан Арыстанбековалардың арасында өтуі керек еді. Бірақ Еркежан апасына жол беруді ұйғарып, кортқа шыққан жоқ.

Есесіне Еркежан Асылжанмен бірге жұптық сында Жанель Оспанова мен Әдемі Амангелдіні жеңіп, чемпион атанды. Қола жүлде елордалық Ульяна Романова мен А.Нұпбайға бұйырды.

Бозбалалар арасында жұптық сында И.Орынбасар мен ақтаулық Даниал Рахматуллаев соңғы бәсекеде ақтөбелік Александр Черномаз бен қарағандылық А.Айтқұловтың меселін қайырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Қола жүлде қызылордалық Ерасыл Ерділда мен алматылық Даниил Фелькердің қанжығасында кетті.

Жарыстың бас төрешісі Антон Игнатченко жыл сайын жасөспірім ойыншылардың шеберлігі өсіп келе жатқандығын атап өтті.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер